Қоғамдық тамақтану объектілері (кафелер, мейрамханалар, асханалар) адамдар көп жиналатын және өрт шығу қаупі жоғары нысандар санатына жатады. Ас үй жабдықтарының, ашық оттың, электр құрылғыларының болуы, сондай-ақ май қалдықтарының жиналуы өрттің туындау қаупін арттырады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады.
Өрттің туындау себептері
Қоғамдық тамақтану объектілерінде өрттің туындауының негізгі себептері:
• жылу және газ жабдықтарын пайдалану қағидаларын бұзу;
• электр желілерінің ақаулығы және электр жүктемесінің артуы;
• желдету жүйелерінде май қалдықтарының жиналуы;
• ақаулы немесе қолдан жасалған құрылғыларды пайдалану;
• отпен абайсыз жұмыс істеу;
• жанғыш материалдарды сақтау талаптарын сақтамау.
Өрт қауіпсіздігі талаптары
Өрттің алдын алу мақсатында:
• газ, электр және жылу жабдықтарының жарамды күйін қамтамасыз ету;
• желдету жүйелерін май қалдықтарынан тұрақты түрде тазарту;
• электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге жол бермеу;
• тек сертификатталған жабдықтарды пайдалану;
• жанғыш және тез тұтанатын заттарды сақтау талаптарын сақтау;
• бастапқы өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштер, өрт крандары) болуы және жарамдылығын қамтамасыз ету;
• эвакуациялық шығу жолдарының ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
• эвакуация жолдарын бөгде заттармен бітемеу.
Басшылар мен персоналдың міндеттері
Қоғамдық тамақтану объектілерінің басшылары:
• қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту жұмыстарын ұйымдастыруға;
• нұсқамалар мен эвакуациялық жаттығуларды тұрақты өткізуге;
• өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындауға;
• эвакуация жоспарларының болуын және өзектілігін қамтамасыз етуге;
• өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға міндетті.
Персонал:
• белгіленген талаптарды сақтауға;
• өрт болған жағдайда әрекет ету тәртібін білуге;
• бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге міндетті.
Өрт туындаған кездегі іс-әрекеттер
Өрт туындаған жағдайда:
• шұғыл қызметтерге дереу хабарлау;
• келушілер мен персоналды эвакуациялауды ұйымдастыру;
• мүмкін болған жағдайда өртті бастапқы құралдармен сөндіруге кірісу;
• электр және газ көздерін ажырату; • өрт сөндіру қызметін қарсы алу.
Қоғамдық тамақтану объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау — олардың қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамдардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1182992?lang=kk

Жауап қалдыру