
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінде бәсекелестікті шектеу тәуекелдерін анықтады.
Департаментке бизнес субъектілері – «АзияНефтеТранс» ЖШС және «Скинест Рейл Қазақстан» ЖШС жүк вагондарын тіркеу рәсімінің созылуына қатысты өтінішпен жүгінді.
Өтініштерді қарау барысында вагондарды тіркеудің қолданыстағы қағидаларында өтінімдерді қараудың нақты мерзімі көзделмегені анықталды. Бұл ретте вагондарды тіркеу магистральдық теміржол желісінде оларды пайдаланудың міндетті шарт ретінде қарастырылады және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне тікелей әсер етеді. Өтінімдерді қарау мерзімінің болмауы рәсімнің созылу тәуекелдерін туындатып, нарық субъектілерінің инфрақұрылымға қол жеткізуін шектеуі мүмкін.
Осыған байланысты Департамент «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға өтінімдерді қарау мерзімін белгілеу аясында жүк вагондарын тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы нұсқама енгізді.
Сурет ашық дереккөзінен алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1182858?lang=kk

Жауап қалдыру