«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында Қарағанды-Сұрыптау станциясында «Теміржолсу-Қарағанды» ЖШС инженерлік-техникалық қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру, жобаның негізгі бағыттары мен кезеңдері түсіндірілді. Сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздік, медициналық қызметтердің қолжетімділігі және мемлекеттік қызметтер мәселелері талқыланды. Қатысушыларға аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1183516?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді