
Наурызнама мерекесінің онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күніне» орай Екпінді ауылдық округіне қарасты Қарлығаш ауылының өнегелі азаматтары – Оспанқұловтар отбасына құрмет көрсетілді.
Бүгінгі мерекелі күні округ әкімі бастаған арнайы топ Оспанқұловтар шаңырағына арнайы барып, 40 жыл бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, отбасы құндылықтарын дәріптеп келе жатқан отбасыға алғыс хат табыстап, сый-сияпаттарын ұсынды.
Кездесу барысында Оспанқұловтар әулетінің берекелі өмір жолы, ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесі жайлы жылы лебіздер айтылып, шаңырақ иелеріне ақжарма тілектер білдірілді.
Берекесі мен бірлігі жарасқан бұл отбасы – ауыл жастарына үлгі, елге өнеге екені атап өтілді.
Округ әкімі бастаған топ Оспанқұловтар отбасына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына бақ-береке мен шаттық тілеп, құрмет көрсетіп қайтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1183543?lang=kk

Жауап қалдыру