«Шаңырақ күніне» орай жас отбасылармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Шаңырақ күніне» орай «Отбасы орталығында» Департаменттің жас отбасыларымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қызмет пен отбасылық өмірді қатар алып жүру, жас отбасыларда кездесетін қиындықтар, сондай-ақ қызмет барысында қарастырылған жеңілдіктер мен қолдау шаралары туралы ашық әңгіме өрбіді.

Мақсат – жас қызметкерлердің отбасылық құндылықтарын нығайтуына қолдау көрсету, олардың қызметтік міндеттері мен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған пікір алмасу.

Кездесу барысында азаматтық қорғау органдарының ардагерлері Ким Валерий Трофимович және Балғараева Гүлжан Дүйсебайқызы сөз сөйлеп, жас отбасыларға өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет пен отбасылық өмірді үйлестіру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, туындайтын мәселелерді бірге талқылады. Кездесу барысында отбасындағы бірлік пен өзара түсіністіктің маңыздылығы айтылып, жас отбасыларға қолдау көрсету бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1183532?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді