ШҚО құтқарушыларлы су тасқыны мерзімге әзірлік туралы айтты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта облыста көктемгі су тасқынының бірінші кезеңіне белсенді дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Көпжылдық бақылауларға сәйкес, су тасқынының бірінші кезеңі өзендердің мұз құрсауынан ашылуы  кезінде, яғни наурыз айының екінші онкүндігінің соңынан сәуір айының екінші онкүндігінің соңына дейін байқалады.

Осы кезеңде Қара Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Абылайкит, Ақсу  өзендерінде мұз кептелістерінің пайда болу қаупі бар.

1 ақпаннан бастап жоғары дайындық режимі енгізілді.

ТЖД-де жедел штабтың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Әрбір су басу қаупі бар елді мекен бойынша жергілікті атқарушы органдардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар бөлімшелерінің жауапты тұлғалары бекітілді.

Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары алдын ала басталды. Облыстың су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді.

2025 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде 10 өңірде инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес 28 іс-шара орындалды (Риддер қаласы – 1, Глубокое ауданы – 5, Катонқарағай ауданы – 4, Самар ауданы – 1, Марқакөл ауданы – 3, Алтай ауданы – 3, Үлкен Нарын ауданы – 1, Шемонаиха ауданы – 8, Ұлан ауданы – 3, Күршім ауданы – 1).

2026 жылғы 9–15 ақпан аралығында жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығына жұмыс топтары тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша актілер жасалып, қажетті ұсыныстар берілді.

Ақпан айының үшінші онкүндігінен бастап каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын және көпірлерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда су тасқынына қарсы іс-шаралардың 84,4 %-ы орындалды:

каналдардың – 81,8 %,

арықтардың – 74,3 %,

су өткізу құрылыстарының – 86,1%,

көпірлердің – 90% тазартылды.

Елді мекендерден 335 мың текше метр қар шығарылды.

82 мың дана қап, 10,2 мың тонна инертті материал, 393 тонна ЖЖМ материалдық қорлары дайындалды.

Су тасқыны құбылыстарының алдын алу мақсатында 7 аудан әкімдіктерімен (Алтай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Шемонаиха, Катонқарағай, Глубокое) мұз кептелісі болуы мүмкін 20 учаскелер анықталды.

Бекітілген кестеге сәйкес Шемонаиха ауданындағы 2 учаскеде, Марқакөл ауданындағы 5 учаскеде және Алтай ауданындағы 1 учаскеде тиісті жұмыстар жүргізілді.

Ахуал күрделене қалған жағдайда әрекет ету үшін жергілікті атқарушы органдардың, Төтенше жағдайлар департаментінің және азаматтық қорғау қызметтері құрамаларының 3677 адамнан тұратын, 556 бірлік техника, 75 жүзу құралы және 234 мотопомпалармен қамтамасыз етілген күштері мен құралдары дайындалды.

Қосымша мониторинг жүргізу және жедел әрекет ету мақсатында Алтай ауданына 68303 әскери бөлімінің  әскери қызметшісі жіберілді.

Зардап шеккен тұрғындарды қабылдау үшін жалпы сыйымдылығы 13 мың адамды құрайтын 137 эвакуациялық қабылдау пункті анықталды.

Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде: 411 рейд ұйымдастырылып, 12 мыңнан астам жадынама таратылды.

Су тасқыны қаупі күрделенген жағдайда халықты құлақтандыру 48 сиреналық-сөйлеу құрылғысы, СМС-тарату, телерадио хабарларын қармап алу және “Дармен” мобильдік қосымшасы арқылы жүргізілетін болады.

Сонымен қоса, төтенше жағдай туындаған кезде “Масс Алерт” халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1183180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді