Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының шығып қалған сайлау комиссияларының орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды (учаскелік сайлау комиссияларында №504 (комиссияның бір мүшесі), №506 (комиссияның екі мүшесі), №514 (комиссияның бір мүшесі), №515 (комиссияның бір мүшесі), №517 (комиссияның бір мүшесі). Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары құрылатын комиссияларға қатысты мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер электрондық және қағаз форматта;
саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;
саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін Уәлиханов аудандық мәслихатында жүзеге асырылады. Аудандық мәслихат аппаратының мекенжайы: Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85.
Аудандық мәслихат төрағасы-Саниев Сапар Қапарұлы.
Материалдарды жинауға жауапты: Маликова Айнаш Сансызбайқызы, аудандық мәслихат аппараты басшысының м.а., сл. тел.8(71542) 21-237. электрондық пошта мекенжайы: Ualmaslihat@mail.ru.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1183242?lang=kk

Жауап қалдыру