
17 наурыз күні, Digital Nauryz аясында «Хан Шатыр» СОО-да мерекенің ең жарқын технологиялық іс-шараларының бірі – дрон-футбол өтеді.
Көрермендерді командалар дрондарды басқару арқылы жылдамдық, дәлдік және үйлесімді ойын шеберлігін көрсететін әсерлі әрі динамикалық шоу күтеді.
Сондай-ақ қонақтарға интерактивті бағдарлама ұсынылады: Наурызай мен Наурызбай AI-аватарлары Наурыз мейрамының дәстүрлері мен мерекелік бағдарлама туралы айтып береді, ал робот келушілерді қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Өтетін орны: Тұран даңғылы, 37, «Хан Шатыр» СОО
Уақыты: 13:00–15:00
Өткізіп алмаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1183454?lang=kk

Жауап қалдыру