
Наурызнама онкүндігі аясында Алға ауданына қарасты Тоқмансай ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер, “Ақтілек” шаруа қожалығының басшысы Асланбек Мукашев игі іс ұйымдастырды.
Ол Тоқмансай ауылында тұратын 260 отбасыға арнайы азық-түлік себеттерін таратып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қайырымдылық шарасы ауыл тұрғындарына қолдау көрсетіп қана қоймай, Наурыз мерекесінің ізгілік пен бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1182964?lang=kk

Жауап қалдыру