Туберкулездің алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы наурызда «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Отын ресурстары орталығы» филиалы Өскемен станциясының отын қоймасы қызметкерлері арасында «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен!» ұранымен семинар өткізілді.
Семинарда туберкулездің алдын алу, вакцинацияның маңыздылығы, жыл сайынғы флюорографиялық тексерулер, зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, бөлмені желдету және жеке гигиена сақтау сияқты шаралар түсіндірілді.
Қатысушыларға ауру белгілері – ұзаққа созылған жөтел, қақырық, түнгі тершеңдік, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік пен шаршау туралы ақпарат беріліп, түсіндірме материалдар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1183527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді