Жаңасемей ауданының білім бөлімі» ММ жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына Бахтина Айнур Нурбековна тағайындалды.
Айнур Нурбековна 1987 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022 жылы Әлихан Бөкейхан университетінде «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2009 жылы Семей қаласындағы №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2018–2024 жылдары осы білім беру ұйымында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2024 жылдың қыркүйек–қараша айлары аралығында аталған мектепте директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары болды.2024 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңасемей ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Айнур Нұрбековнаға жаңа қызметінде табыс, шығармашылық жетістіктер және білім саласын дамыту жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тілейміз.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1183071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді