Жақсылықты бірге жасайық: «Мейірімді жүрек» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Игі бастама туралы «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы — бұл баршамызды мейірімділік, жанашырлық және өзара қолдау құндылықтарының төңірегіне біріктіретін игі бастама. Жақсылық жасау — үлкен жүректің белгісі екеніне, ал әрбір қайырымды іс әлемді нұрландыра түсетініне сенеміз.

Жаныңдағы жанға қол ұшын соз 15 наурыз — Қайырымдылық күніне орай, біз осы құндылықтарды іс жүзінде көрсетуді жөн көрдік. Біздің ұжым көпбалалы отбасына қолдау көрсетіп, оларға ең қажетті өнімдер мен балаларға арналған тәттілерден тұратын азық-түлік қоржынын тарту етті. 🧑‍🧑‍🧒‍🧒

Бізге қосылыңыз! Акцияның басты мақсаты — тек бір реттік көмек көрсету емес, қоғамда жақсылық жасау мәдениетін қалыптастыру. Жүрегіміздің жылуын бөлісіп, игі істерді бірге атқарайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1183431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді