№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (Қарттар үйі) және «Қамқорлық» ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталығының қызметімен танысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев Ақтөбе қаласындағы №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (Қарттар үйі) және «Қамқорлық» ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталығының қызметімен танысты.

Сапар барысында мекемелердің қызмет көрсету бағыты, әлеуметтік қызмет алушыларға жасалған жағдайлар, көрсетілетін әлеуметтік және медициналық қызметтердің сапасы қарастырылды. Сонымен қатар, орталықтардың материалдық-техникалық базасы мен мамандардың жұмыс барысы зерделенді.

Кездесу барысында мекеме басшылары әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1181772?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді