18 наурыз – Ұлттық киім күні
Наурызнама онкүндігі аясында елімізде 18 наурыз – Ұлттық киім күні ретінде кеңінен аталып өтуде. Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық құндылықтары мен дәстүрін дәріптеуге бағытталған ерекше мереке.
Осы атаулы күнге орай Баянды ауылы әкімі аппаратының ұжымы ұлттық киімдерді насихаттап, қазақ халқының салт-дәстүрін ұлықтауға өз үлестерін қосты. Ұжым мүшелері ұлттық нақыштағы киімдер киіп, төл мәдениетімізге деген құрметтерін көрсетті.
Ұлттық киім – ұлттың болмысын айқындайтын, тарихы мен рухани құндылықтарын бейнелейтін асыл мұра. Осындай игі шаралар арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, оларды құрметтеуге баулу – басты міндеттердің бірі болып табылады.
⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1184130?lang=kk

Жауап қалдыру