
2026 жылғы 18 наурызында ҚР ДСМ СЭБК Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Атырау облысы бойынша Біріккен Қазақстандық стоматологтар қауымдастығы, Атырау облысы бойынша Қазақстан стомоталогиялық қауымдастығы 2026 жылғы 18 наурыздағы №38/18 бірлескен бұйрығына сәйкес «Стоматологиялық ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру» туралы тақырыпта Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А.Ирбатырова, Атырау облысы бойынша Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы төрағасы Қ.М.Тишбаевтың төрағалығымен облыстық семинар өткізілді.
Семинарға ҚР ДСМ СЭБК Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, қалалық, аудандық саниатриялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, облыстық, қалалық, аудандық стоматологиялық ұйымдардың медициналық қызметкерлері қатысты.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А.Ирбатырованың, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі басшысы Н.Н.Исламованың, бас маманы А.Т.Туманшинаның, өнеркәсіптік, радиациялық-қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы А.Н.Кушкинбаеваның, «Park Health West» ЖШС медициналық клиникасының дәрігер эпидемиологы Г.Д.Таубаеваның, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер эпидемиологы Э.Ж.Ерғалиеваның баяндамалары тыңдалды.
Семинарға қатысушыларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалаудағы эпидемиолгиялық мәні бар объектілердегі мемлекеттің бақылаудың жаңа түрлері туралы түсіндірілді. Халықтың саниитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бақылау және қадағалаудағы, мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері, стоматологиялық емханаларды (кабинеттерді), орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелерін күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, радиациялық қауіпсіздік, өндірістік бақылау, дезинфекциялық-стерилизациялық ереже, стоматологиялық ұйымдарда инфекциялық бақылау және инфекциялардың алдын алу, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың санитариялық-профилактикалық, санитариялық-індетке қарсы шараларын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, Атырау облысы аумағындағы ауруханаішілік жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайы, Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қол жуу гигиенасының алдын алудың мультимодальды стратегиясы науқаны бойынша ақпараттар берілді.
Семинарға барлығы 64 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/1184055?lang=kk

Жауап қалдыру