🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Бүгін, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша лездеме жиналыс өткізді.
 
🔹 Жиын барысында мемлекеттік қызметте адалдық қағидаттарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын орындау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қызмет барысында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
 
🔹 Кездесу барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
🔹 Жиын қорытындысы бойынша департамент қызметкерлері өз қызметінде заңдылық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғам сенімін арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1181897?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді