🔰 МАҚТАРАЛ: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Бүгін Мақтарал аудандық білім саласының кәсіподақ комитетімен бірлесе Департаменттің ұйымдастыруымен еңбек қатынастарындағы жаңа талаптар мен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша ауданға қарасты кәсіпорын иелерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу іс-шарасы өткізілді.
 
🔹 Ұйымдастырылған іс-шараға Мақтарал ауданы әкімі аппаратының басшысы Атақұлов Нұржан Жақсылықұлы, Мақтарал аудандық білім саласының кәсіподақ комитетінің төрағасы Ниязбеков Асилбек Арыстанбекұлы, Департаменттің бөлім басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы өз тараптарынан тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Аталған іс-шара барысында қатысушыларға еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндіріліп, жұмыс берушілердің негізгі міндеттері атап өтілді. Атап айтқанда, еңбек шарттарын дұрыс рәсімдеу, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі талаптарымен таныстыру, сондай-ақ өндірістік тәуекелдердің алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
 
🔹 Сонымен қатар, қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы кеңінен талқыланды. Жұмыс берушілерге сақтандыру шарттарын уақытылы жасау, сақтандыру ұйымдарын дұрыс таңдау және сақтандыру талаптарын толық орындау бойынша нақты түсіндірмелер берілді.
 
🔹 Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Мұндай түсіндірме жұмыстары еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
 
🔹 Іс-шара соңында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және сақтандыру жүйесін тиімді ұйымдастыру – әрбір ұйым үшін маңызды міндет екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1184162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді