Бүгін, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелді Салхудинұлы азаматтардың арыз-өтініштері бойынша жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Манат Уалиханқызының хатшылығымен жүргізілген қабылдау барысында Департамент басшысы өңір тұрғындарын еңбек қатынастары, жалақының уақытылы төленуі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сондай-ақ еңбек дауларына қатысты өзекті мәселелерімен қабылдады. Сондай-ақ, Амангелды Салхудинұлы азаматтардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, заңнама талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер беріп өтті.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі екені атап өтілді.
Осындай қоғамдық қабылдаулар халықпен кері байланысты нығайтып, еңбек саласындағы мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Жауап қалдыру