
12 наурыз күні Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мәслихат депутаттарының III Республикалық форумы өтті. Форумға еліміздің әрбір облысы мен ауданынан келген, халықтың шынайы үні мен сенімін арқалаған өкілдер бір шаңырақ астында тоғысты. Осынау маңызды жиынға Ұлан ауданы мәслихатының депутаттары да арнайы қатысты.
Форумда мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін нығайту мен жергілікті өзін-өзі басқару институтын жаңғырту тетіктері қарастырылып, билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту мен жаңартылған Конституциялық реформасының жобасы жан-жақты сараланды.
Форумда қабылданған шешімдер мен айқындалған басымдықтар аудан деңгейіндегі жұмыс сапасын жаңа белеске көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмыстарға тың серпін бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1184085?lang=kk

Жауап қалдыру