
Бүгін – халқымыздың бай мәдениеті мен ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптейтін ерекше күн. Ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан әдет-ғұрыптарымыз бен рухани құндылықтарымыз – ұлттық болмысымыздың айнасы.
Мәдениетімізді құрметтеп, салт-дәстүрімізді қастерлеу – әрбір азаматтың парызы. Осындай асыл мұраларды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа аманат ету – бәрімізге ортақ міндет.
Ұлттық құндылықтарымыз әрдайым биік болып, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрі мәңгі жасай берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl/press/news/details/1181689?lang=kk

Жауап қалдыру