
🔸18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл күн қазақ халқының бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін және ұлттық бірегейлігін айшықтайтын ерекше мереке.
🔹Ұлттық киім халқымыздың тарихы мен дүниетанымының көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен нақыштың өзіндік мәні бар. Ұлттық киімдер арқылы ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі, эстетикалық талғамы мен рухани құндылықтары көрініс табады.
🔸Ұлттық киім күні – дәстүрді ұлықтап, мәдени мұраны сақтауға және оны келер ұрпаққа жеткізуге үндейтін маңызды күн.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1183736?lang=kk

Жауап қалдыру