AI Digital Nauryz

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2026 жылғы 16 наурызда Қонаев қаласындағы Alatau Hub алаңында Наурыз дәстүрлері мен заманауи цифрлық технологияларды біріктірген AI Digital Nauryz атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара көктемнің келуі мен Наурыз мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды. Бастаманың басты мақсаты – ұлттық дәстүрлердің цифрландыру, инновациялар және жасанды интеллекттің дамуымен үйлесімді түрде ұштаса алатынын көрсету.

  Іс-шараға 40-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында IT-қоғамдастық өкілдері, студенттер және технологиялар мен цифрлық экономиканың дамуына қызығушылық танытатын жастар болды. Қатысушылар заманауи технологиялық трендтерді талқылап, тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби байланыстар орнатты.

  Бағдарлама аясында шақырылған сарапшылардың speaker-talk форматындағы бірқатар баяндамалары өтті. «Neckarwiese» ЖШС директоры Бакибаев Тимур Ибрайханович «Жасанды интеллект қалай өзін-өзі үйренеді?» тақырыбында сөз сөйлеп, жасанды интеллекттің өзін-өзі оқыту қағидалары, машиналық оқыту және нейрондық желілердің жұмысы туралы айтып берді. Ал ITC Soft компаниясының Co-Founder & Software Engineer маманы Токтогулов Бектур Аманбаевич «Жасанды интеллект көмегімен MVP қалай жасауға болады?» тақырыбын ұсынып, AI құралдарын пайдалана отырып IT-өнімдерді жылдам құру және іске қосу бойынша тәжірибелік тәсілдерімен бөлісті.

  Білім беру бағдарламасынан бөлек, қонақтар үшін IT Quiz ұйымдастырылып, ұлттық ойындар өткізілді және бейресми нетворкинг-сессия өтті. Қатысушыларға дәстүрлі тағамдар – наурыз көже, бауырсақ және қазақ ұлттық асханасының басқа да дәмдері ұсынылды. Сонымен қатар домбырамен күй орындалып, мерекелік атмосфера қалыптастырып, қазақ мәдениетінің дәстүрлерін жеткізуге мүмкіндік берді.

  AI Digital Nauryz бастамасы цифрлық технологияларды кеңінен таныстыруға, инновациялық мәдениетті дамытуға және технологиялық қауымдастықты біріктіруге бағытталған. Сонымен қатар бұл бастама Наурыз мерекесінің ұлттық дәстүрлерін сақтап, оны заманауи форматта көрсетуге және жаңаша мазмұнда ұсынуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-tehnologiya/press/news/details/1183819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді