
2026 жылғы 17-20 наурыз аралығында «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ ұйымдастыруымен, ШҚО ТЖД және «Қазақстандық құтқарушылар қоры» жеке қорының қолдауымен Өскеменде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XXXIV ерлер арасындағы, XII әйелдер арасындағы және XI жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасы ТЖМ қысқы чемпионаттары өтеді.
Чемпионаттарға еліміздің облыстары мен қалаларының құрама командалары қатысады, ең мықты атағы үшін 500-ге жуық спортшы екі дисциплина: шабуыл сатысымен көтерілу және кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту бойынша бақ сынайды.
Қысқы чемпионаттардың қоссайыс қорытындысы бойынша одан әрі «ҚР өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына қатысу үшін ерлер арасында 60 мықты спортшы және әйелдер арасында 40 мықты спортшы іріктеледі. Сондай-ақ қысқы чемпионаттардың қорытындысына сәйкес өрт сөндіру -құтқару спорты бойынша ҚР ТЖМ алдын ала ұлттық құрама командалары құрылады.
Тікелей эфирге сілтеме: https://www.youtube.com/live/x97TaGcZQpo?si=auxidbxJZb9cnish.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1181663?lang=kk

Жауап қалдыру