
Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында мемлекеттік органдары мен өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.
Ашық диалог барысында кәсіпкерлер өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ өңірдің инвестициялық ахуалына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, әкімшілік кедергілерді азайту және жаңа өндірістік жобаларды ынталандыруға ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде облыс прокуроры Руфат Құттықов прокуратураның басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнес жүргізуге ашық әрі әділ жағдай жасау. Кез келген заңсыз шешімдер мен әкімшілік кедергілерге жол бермеу деп атап өтті.
Сонымен қатар, Ақмола облысының кәсіпкерлікті дамытуда әлеуеті жоғары екені айқындалып, мемлекет тарапынан бизнеске жан-жақты қолдау жалғасатыны көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген бастамаларды пысықтау және мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1184048?lang=kk

Жауап қалдыру