
Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық академиялық кітапханада «Nomad Style Show» ұлттық фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Қатысушылар дәстүрлі киімдер мен халықтардың мәдени ерекшеліктерін таныстырды. Қазақ, орыс, поляк, беларусь, татар, өзбек және басқа да этностардың ұлттық киімдері көрсетілді. Сондай-ақ қатысушылар халықтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерімен танысып, ұлттық әндерді тыңдап, би қойылымдарын тамашалады.
Бұл іс-шара мәдени әртүрлілікті дәріптеп, ұлттық мұраны сақтауда маңызды алаңға айналды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1184640?lang=kk

Жауап қалдыру