
Аудан әкімі Жалғас Мұртаза “Amanat” партиясының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері тыңдалып, нақты ұсыныстар мен өтініштер қаралды.
Қабылдауға келген Көктөбе ауылының тұрғыны қардың көп түсуіне байланысты үйінің төбесі құлағанын айтып, көмек сұрады. Ал Нұрлыкент ауылының тұрғыны жұмыспен қамту мәселесін көтерді.
Сонымен қатар, Т.Дүйсебай ауылы бойынша ауылдық паркке қатысты ұсыныстар айтылды. Жетітөбе ауылдық округі ақсақалдары мешіт салу үшін бас жоспарға өзгеріс енгізу, жол жиегіндегі ағаштарды ретке келтіру сынды өзекті мәселелерді қозғады.
Аудан әкімі көтерілген барлық мәселелер заң аясында қаралып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1184601?lang=kk

Жауап қалдыру