
Мемлекет басшысының азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын көтеру және олардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қостанай ауданының аумағында 16 «Құқық кабинеті» ашылды.
Ауданның әрбір ауылдық округінде және Тобыл қаласында «Құқық кабинеттері» тұрақты негізде жұмыс істейді. Олар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында орналасқан.
«Құқық кабинеті» қажетті компьютерлік техникамен (принтер, телефон, веб-камера), «Әділет» деректер базасына, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасауға арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі бар бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/1181708?lang=kk

Жауап қалдыру