
Сауран аудандық мәслихаты төрағасының
2026 жылғы 18 наурыздағы №2
ШЕШІМІ
Сегізінші шақырылымдағы
Сауран аудандық мәслихатының
кезекті қырық екінші сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, 2026 жылғы 27 наурызда сағат 11:00 Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясы шақырылсын.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасы С.Байсбаев
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА
Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 11:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (3-қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 27 наурыз сағат 11:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- 2025 жылдың қорытындысымен Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы;
- Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
- Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
- Сауран ауданы бойынша денсаулық сақтау саласының жайы мен оны жақсарту шаралары аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы;
- Қарашық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Шаға ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Оранғай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің «Сауран аудандық мансап орталығы» филиалы басшысының жұмыстарының есебі туралы;
- «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
- «Сауран Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
- Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
- Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №298 «2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасы С.Байсбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sauran/press/news/details/1184375?lang=kk

Жауап қалдыру