Цифрландыру және архивтер басқармасында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні «Дәстүр мен технология әуені» жобасының аясында аталып өтті. «Қазағымның дәстүрлері» атты іс-шара халықтың мәдени кодын сақтап, оны кеңінен насихаттауда цифрлық құралдардың маңызын көрсетті.
Бағдарлама барысында қазақ халқының салт-дәстүрлерінің терең мағынасын ашатын цифрлық экспозициялар мен заманауи технологиялық шешімдер таныстырылды. Қатысушылардың айтуынша, ақпаратты заманауи форматта ұсыну ұлттық мұраны жастар үшін түсінікті әрі қолжетімді ете түседі.
Басқарма мәдени құндылықтарды цифрландыру жұмыстарын жалғастырып, оларды келер ұрпаққа сақтап жеткізуді қамтамасыз етуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1181989?lang=kk

Жауап қалдыру