
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен таныстыру болды.
Қонақтар киіз үй маңында домбыра үнімен қарсы алынып, адыраспанмен аластау, шашу шашу, сондай-ақ ізгі тілектер білдіру мақсатында түрлі-түсті ленталар таңдау дәстүрлеріне куә болды.
🎗 «Шеберлер сыры» алаңында қатысушылар қазақтың ер-тұрманымен танысып, оны құрастыруға қатысып, атқа міну дәстүрін көрді.
💪 Ұлттық ойындар – арқан тарту, асық ату және қол күрес арқылы қатысушылар өз күшін, ептілігін және ұйымшылдығын көрсетті.
🐎 Сонымен қатар, іс-шара барысында қазақтың текті жануары – тазы иттері таныстырылып, ұлттық аңшылық мәдениеттің бір бөлігі ретінде көрсетілді.
✨ Шараның әсерлі сәттерінің бірі – Құлагер туралы аңыз сахналанып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара соңында қонақтар ат жалына лента байлап, ақ тілектерін білдіріп, ақсақалдың батасын алды.
Ұлы даланың рухы – ұрпақ жадында!с

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1184429?lang=kk

Жауап қалдыру