Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Қалалық фтизиопульмонология орталығы бірлесіп Астана қаласының халықаралық әуежайы қызметкерлеріне арналған «Туберкулез. Өзіңді және жақындарыңды қорға» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға «Астана медицина университеті» КеАҚ инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының қызметкері Чункаева Д.Д. қатысты. Семинар барысында қатысушыларға туберкулездің жұғу жолдары, аурудың дамуына әсер ететін факторлар, сондай-ақ алғашқы белгілері байқалған жағдайда дәрігерге дер кезінде жүгінудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар аурудың алдын алу шаралары, атап айтқанда флюорографиялық тексерулерден тұрақты өту, салауатты өмір салтын ұстану және иммунитетті нығайту мәселелері талқыланды.
Семинар ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға мамандардан жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1181979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді