
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томсон мырзамен кездесуі өтті.
Министр Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы көрсететін қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі қолдау мен ынтымақтастықты атап өтті.
Есептерді дайындау, бағалау, мониторинг жүргізу және жоспарлау кезінде экологиялық факторларды есепке алу тәртібін айқындайтын стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу үшін нормативтік базада қоршаған ортаға елеулі әсер ететін жобалар үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін қолдануға толығырақ тоқталды. Қазіргі уақытта бұл құрал практикалық даму және институционалдық қалыптасу кезеңінде.
Талқылау мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға жаңартылған ұлттық үлес болды.
Тараптар 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитті талқылауға егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстанның және тұтастай алғанда өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етуде өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1184303?lang=kk

Жауап қалдыру