“eOtinish” біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы басқармаға жиі келіп түсетін сұрақтар мен оған берілген жауаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“eOtinish” біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы басқармаға жиі келіп түсетін сұрақтар мен оған берілген жауаптар:
1. Балық өсіру шаруашылығын жүргізу бойынша субсидияның қандай түрлері бар?
Жауабы: Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларына сәйкес 5 түрге бөлінеді. Олар:
1. Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар; 2. Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар; 3. Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар; 4. Сатып алынған дәрілік препараттар үшiн субсидиялар; 5. Сатып алынған балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және оларды күтіп-ұстау үшiн субсидиялар.
2. Балықты өңдеп, экспортқа шығарумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысы туралы?
Жауабы: Бүгінгі таңда облыста 11 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Қызылорда облысы бойынша 11 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда, Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Бұл белгі кәсіпкерге Еуропа елдеріне балық өнімдерін экспорттауға рұқсат береді. 11 балық өңдеу зауттарының 9-і Арал ауданында ал қалған екеуі 2-і Қазалы ауданында орналасқан. Жалпы бұл зауыттарда 500-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Балық өңдеу зауыттарының жалпы қуаттылығы жылына 29,8 мың тоннаны құрайды.
3. Коммуналдық меншіктегі су нысандарын күтіп ұстау бойынша қандай шаралар қабылдануда?
Жауабы: Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы №92 қаулысымен «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меншігіне 222 су шаруашылығы нысандары алынған, оның ішінде 3 су қоймасы (Көлтоған, Қыраш, Манап), 1 су тоспасы, 2 гидротехникалық құрылыс, 190 канал (ұзындығы 1246,53 шақырым), 12 дана су қашыртқылары (103,49 шақырым) және 14 дана қорғаныс бөгеттері (7,78 шақырым) бар.
4. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуге болады ма?
Жауабы: Мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізу және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшін мемлекеттік орман қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1183786?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді