
Полиция қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп «Жаңа жол» бекетінде ел аумағына прекурсорларды контрабандалық жолмен жеткізудің ірі арнасын анықтады. Олар Қазақстанға тұрмыстық химия ретінде жасырылып әкелінген.
Жеткізу тізбегін анықтау нәтижесінде полицейлер Ақмола және Алматы облыстарында орналасқан екі нарколабораторияны жойды. Есірткі өндіруге қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталып, оларға өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.
Тәркіленгендер қатарында 3 тонна прекурсор және айналымға шығаруға дайын шамамен 200 келі синтетикалық есірткі бар. Тәркіленген заттардың нарықтық құны шамамен 5 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде 600 мыңнан астам бір реттік «синтетика» дозасы заңсыз айналымға түспеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1184584?lang=kk

Жауап қалдыру