Француз компаниясы елдің оңтүстігінде қуаты 1 ГВт болатын алып жел электр станциясының құрылысын бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында ауқымды жоба – қуаты 1 ГВт болатын және энергияны жинақтау жүйесімен біріктірілген «Мирный» жел электр станциясының құрылысы басталды.
Жобаны француздың «Total Energies» компаниясы жүзеге асыруда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,1 млрд долларды құрайды. Жел электр станциясын іске қосу 2028 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.
Нысанның орнатылған қуаты 1 ГВт болады, бұл оны Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналдырады. Жоба аясында Envision және SANY компанияларының 150 заманауи жел турбинасын орнату көзделген. Сонымен қатар француздың Saft компаниясынан қуаты 600 МВт·сағ болатын энергия жинақтау жүйесі енгізіледі.
Жыл сайынғы электр энергиясын өндіру көлемі 4 млрд кВт·сағ-қа дейін жетеді деп күтілуде, бұл көмірқышқыл газы шығарындыларын кемінде жылына 3,2 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамытуға, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және экономиканы декарбонизациялау мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосады.
Жалпы, Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 ЖЭК жобасын іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 4 ЖЭС, 5 КЭС және 1 СЭС бар. Осы жылы 8,8 млрд кВт·сағ «жасыл» энергия өндіру жоспарланып отыр.
Нарықты дамытудың маңызды құралы ретінде 2024–2027 жылдары 6,7 ГВт көлемінде аукциондық сауда-саттық өткізу жалғасады. Masdar, China Power және China Energy секілді әлемдік көшбасшылардың жобаларын іске асыру басталады.
Ұзақ мерзімді перспективада 2035 жылға дейін елде 8 ГВт-тан астам ЖЭК қуатын енгізу жоспарлануда. Бұл ұлттық энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, энергия теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1184631?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді