Ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті
2026 жылғы 16 наурызда Павлодар облысы Тереңкөл, Успен және Железин аудандарының білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы» тақырыбында ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізілді. Іс-шара ZOOM платформасында қашықтан форматта өтіп, екі ауданнан жиналған 50 педагогті біріктірді.
Конференция барысында қатысушылар ауыл мектептерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін, білім беру сапасына әсер ететін факторларды, сондай-ақ қазіргі таңдағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
Конференцияның басты мақсаты – ауыл мектептерінде жинақталған үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жүйелеу және тарату арқылы білім сапасын арттыру. Сонымен қатар, педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға жол ашу.
Күтілетін нәтижелер толықтай жүзеге асты – мұғалімдер өздерінің авторлық әдістемелік әзірлемелерін, тиімді педагогикалық технологияларын ұсынып, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге өз үлестерін қосты.
Конференция жұмысы үш тақырыптық сессия аясында өтті. Әр сессияны Тереңкөл, Успен және Железин аудандарының білім бөлімдерінің әдіскер мамандары жүргізді:
Кусаинова Гульжиян Сайдгалиевна, Тереңкөл ауданының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;
Кыдыралинов Кайрат Талгатович -Успен ауданының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;
Баймикенова Арайлым Слямбековна – Железин ауданының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

Железин ауданының мұғалімдері өздерінің көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып әзірлеген тың идеялары мен авторлық бағдарламаларын ұсынып, конференция қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1183668?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді