Глубокое ауданы Достық үйінің жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Р. Адильбаева Винное орта мектебінде өткен “Ұлттық дәстүр күніне арналған” іс-шараға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Глубокое ауданы Достық үйінің жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Р. Адильбаева Винное орта мектебінде өткен “Ұлттық дәстүр күніне арналған” іс-шараға қатысты. Бұл ерекше шарада жаңа туылған бөбектерге азан шақырып қою дәстүрі өтті.

Біздің ұлттық дәстүрлеріміз – халқымыздың бай мәдениетінің айнасы. Р. Адильбаева ханымның сөздері балаларымыздың болашағы үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ұлттық дәстүрімізді жаңғырту, туған жеріміздің мәдениетін дәріптеу – біздің басты міндетіміз. Біз әрқайсымыз баламызға ұлттық тәрбиені, дәстүрді жеткізу арқылы өз үлесімізді қосамыз.

Осы секілді іс-шараларға қатысу арқылы, біз болашағымыздың негізі – балаларымыздың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға үлкен үлес қосамыз.

#Глубокое #Достықүйі #ҰлттықДәстүр #АзанШақыру #Бала #Мәдениет #Традиции #Қазақстан

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1182740?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді