
Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.
25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, Instagram парақшасында немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-verhneberezovskii/press/news/details/1184083?lang=kk

Жауап қалдыру