Кедендік бақылау аясында тауарларды жою тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тауарларды жою тауарларды жою кедендік рәсіміне орналастыруды бақылауды жүзеге асыратын кеден органы құрған комиссияның қатысуымен жүргізіледі.

Комиссия құрамына мыналар кіреді:
– кеден органының өкілдері;
– қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері;
– декларациялаушы тұлға.

Қажет болған жағдайда кеден органы басқа мемлекеттік органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

Тауарларды жою тәсілдері

Тауарларды жою келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:

– термиялық, химиялық, механикалық немесе өзге де әсер ету арқылы (өртеу, жою, көму және басқа тәсілдер), нәтижесінде тауарлар толық жойылуы тиіс.
Жою тәсілі тауарларды қайта қалпына келтіру мүмкіндігін толық жоққа шығаруы және оларды бастапқы күйіне келтіріп, мақсатты пайдалануға жол бермеуі қажет;
– бөлшектеу, ажырату және механикалық зақымдау арқылы
(тесіктер жасау, жырту, өзге де зақым келтіру), мұндай әрекеттер тауарларды қалпына келтіруді және оларды әрі қарай пайдалануды толық болдырмауы тиіс.

Ерекше жағдайлар

Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін және технологиялық себептерге байланысты сақтау орындарынан шығаруға болмайтын, әрі пайдалануға келмейтін тауарларға қатысты жою комиссия актісі негізінде жүргізілген болып есептеледі.

Бұл акт тауарларды сақтау орындарынан алу мүмкін еместігін және оларды әрі қарай пайдалану мүмкіндігінің жоқтығын растайды.

Аталған тәртіп заңдылықты қамтамасыз етуге, экологиялық қауіпсіздікті сақтауға және жойылатын тауарларды қайта пайдалануға жол бермеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1183976?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді