
Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Н.Мережепов төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселе енгізілді:
- Келес аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №32-234-VIII «2026-2028 жылдарға арналған ауыл және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1184562?lang=kk

Жауап қалдыру