КЕЛЕС: ҮШ АУЫЛДАН СҮТ ЖИНАП, ТАБЫС ТАУЫП ОТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының Ұшқын ауылында тұратын Малика Мұхтарова үш ауылдан сүт жинап, оны өңдеп қайта сату арқылы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруда. Күніне 500 литрге жуық сүт өңделіп, айран, қаймақ, сары май, құрт, ірімшік сияқты өнімдер шығарылады.
Малика Мұхтарова күндік айналымы 100 мың теңге болатын өнім шығарып, ай сайын 500–600 мың теңге табысқа жетіп отыр. «Біздің өнімді ауыл тұрғындары мен көрші аудандардағы адамдар жақсы тұтынады. Барлық өнімді таза әрі сапалы дайындауға ерекше көңіл бөлеміз», – дейді Малика Мұхтарова.
Қазіргі таңда кәсіпорында төрт техника жұмыс істейді. Өнімдер аудан базарына, көрші аудандарға, курорттық аймақтарға және Шымкент пен Алматы қалаларына жеткізіледі. Мұхтаровтардың кәсіпі Келес ауданының ауылдық экономикасын дамытуға нақты үлес қосып отыр.
Жұбайы Қалдыбай Мұхтаров үй ауласында мал бордақылаумен айналысып, 20 бас қара малды бағуда. Оның ет өнімдері аудан базарына шығарылады.
— Отбасы бірлігімізбен ғана дамиды. Біз бір-бірімізді қолдап, кәсібімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді Қалдыбай Мұхтаров.
Мұхтаровтар отбасы – үлкен және берекелі отбасы. Олар төрт ұл-қыз өсіріп, екі қызын ұзатып, бір ұлын үйлендірген. Қазіргі уақытта кіші ұлын үйлі етуді жоспарлап отыр. Отбасының 8 немересі бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1181845?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді