КЕСЕНЕ АУМАҒЫНДА КӨКТЕМГІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында көктемгі абаттандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Аумақтағы ағаштардың түптері әктеліп, топырағы қопсытылып, көгалдарға күтім жасау жұмыстары жүйелі жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, аумақтағы сынған немесе бүлінген инфрақұрылым нысандары қалпына келтіріліп, көріктендіру жұмыстары қатар жүргізілуде.
Туристік маусымның басталуына орай, алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында келушілер санының артуына байланысты, Кесене аумағының тазалығы мен тәртібі тұрақты бақылауда. Қызмет көрсету сапасын арттыру, тарихи-мәдени нысанның келбетін сақтау бағытындағы жұмыстар күнделікті негізде ұйымдастырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1183594?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді