
Көкшетау қаласында 27 мектептің 1500 оқушысы бір мезетте «Бес асық» ұлттық ойынын ойнады. Іс-шара Наурызнама аясында өтіп, ел көлеміндегі осындай форматтағы ауқымды бастамалардың біріне айналды.
Іс-шара білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ілгерілету және тәрбие жұмысының мазмұнын күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Ақмола облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде мектептерде 419 секция жұмыс істейді, онда оқушылар дәстүрлі ойындармен тұрақты айналысады.
Ұлттық ойындарды қамтитын тәрбиелік шараларды ұйымдастыру ұлттық бірегейлікті нығайтудың тиімді құралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1184591?lang=kk

Жауап қалдыру