
Қала аумағында көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру бағытында кешенді шаралар қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстар аясында туристік нысандар,көшелер мен тұрғын үйлер аулаларында тазалық сақтау, қоқыстарды дер кезінде шығару, жол жиектерін ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Көктемгі кезеңге сәйкес көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударылып, көгалдарды күтіп ұстау, суару жүйелерін реттеу, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды қалпына келтіру шаралары кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Бұдан бөлек, қала аумағындағы сынған немесе бүлінген инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру, орындықтар мен жарық шамдарын жөндеу, балалар және спорт алаңдарын ретке келтіру жұмыстары да қатар жүргізілуде.
Туристік маусымның басталуына және Наурыз мерекесі қарсаңында қалаға келушілер санының артуы ескеріліп, туристік және тарихи-мәдени нысандардың санитарлық жағдайы мен абаттандырылуы тұрақты бақылауға алынған. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қызмет көрсету сапасын арттыру және қала келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар күнделікті негізде ұйымдастырылып, тиісті мекемелердің үйлесімді жұмысы қамтамасыз етілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1184069?lang=kk

Жауап қалдыру