
Маңғыстау ауданында полиция қызметкерлері азаматтық қару иелерін тексеру және профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Аталған іс-шаралардың мақсаты – қаруды сақтау және пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Тексеру барысында қызметкерлер қарудың заңды тіркелуін, оны сақтау шарттарының сақталуын және қауіпсіздік талаптарының орындалуын назарға алуда. Сонымен қатар, қару иелеріне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қаруды қауіпсіз пайдалану мен сақтау ережелері бойынша кеңес берілуде.
Аталған профилактикалық шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және қару ұстау мәдениетін арттыруға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1184580?lang=kk

Жауап қалдыру