Маңғыстауда Амал мерекесіне орай Отпан тауда цифрлық киіз үй тігілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отпан тауда өтіп жатқан Амал мерекесі аясында 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде облыстық цифрлық технологиялар басқармасының ұйымдастыруымен «Цифрлық киіз үй» (Digital Nauryz) форматындағы арнайы киіз үй тігілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Ұлттық дәстүр мен заманауи технология тоғысқан бұл бастаманың негізгі мақсаты – цифрлық технологияларды кеңінен насихаттау, жастардың ақпараттық технологиялар саласына қызығушылығын арттыру және өңірдегі жергілікті IT-жобалардың мүмкіндіктерін көпшілікке таныстыру.

«Mangystau Hub» аймақтық IT-хабының жетекшісі Айгерім Мәжтай жобаның мазмұны мен маңызына тоқталды.

-Мерекелік іс-шара барысында «Цифрлық киіз үй» алаңында бірнеше технологиялық бағыт тұрғындардың назарына ұсынылды. Атап айтқанда, 3D-принтинг аймағында 3D-баспа процесі көрсетіліп, осы технология арқылы дайындалған өнімдер таныстырылды. Сондай-ақ, VR-аймақта (виртуалды шынайылық) жергілікті мектеп оқушылары әзірлеген интерактивті ойын ұсынылды. Ойын сюжеті қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи кезеңдерді қамтып, келушілерге заманауи технологиялар арқылы сол дәуірдің атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді, – деді Айгерім Мәжтай.

Бұдан бөлек, LED-экран арқылы өңірдегі ақпараттық технологиялар саласындағы жергілікті жобалар мен жастардың IT саласын дамытуға бағытталған бастамалары таныстырылуда.

Осылайша, Отпан таудағы Амал мерекесі ұлттық дәстүрді дәріптеумен қатар, цифрлық технологиялардың мүмкіндігін көрсететін заманауи алаңға айналды. «Digital Nauryz» жобасы жастардың IT саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр.

Сонымен қатар, LED-экран – өңірдегі ақпараттық технологиялар саласындағы жергілікті жобалар мен жастар арасында IT саласын дамытуға бағытталған бастамаларды таныстыру мақсатында көрсетілім жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-digital/press/news/details/1181942?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді