
Құрметті қала тұрғындары!
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды қабылдау және пайдалануға беру тәртібі жаңартылды. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Заңдарына және Төтенше жағдайлар министрінің бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі жаңалықтар:
•«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 66-2-бабына сәйкес объектіні пайдалану алдында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алу міндетті. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілген (75-бабы 3-тармақшасына)
•Өрт қауіпсіздігі бойынша қорытынды алу тәртібі Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы №359 бұйрығымен бекітілген.
•Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету үшін тиісті рұқсат құжаттарын алу қажет.
•Мемлекеттік қызмет «Е-license» жүйесі арқылы электронды форматта көрсетіледі (электрондық үкімет порталы).
Маңызды түсініктеме:
•Адамдар жаппай болатын объектілерге сауда, тамақтану, спорт, мәдени-ағарту мекемелері, вокзалдар, ғибадат үйлері, қонақ үйлер және білім беру/денсаулық сақтау ұйымдары кіреді.
•Объектілерді қабылдау және пайдалануға беру барысында барлық құжаттар: декларация, сапа туралы қорытындылар, өрт қауіпсіздігі қорытындысы тексеріледі.
Барлық өзгерістерді ресми ақпараттық-құқықтық жүйеде Әділет сайтынан көруге болады.
Туындаған сұрақтар бойынша толық ақпарратты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық нормалау бөлімінен білуілеріңізге болады.
Мекен-жай: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 13
Байланыс телефоны: 8 (7262) 99-90-59
8 (706) 706-72-26 Оразханұлы Әлібек
8 (771) 419-49-99 (WhatsApp)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1184439?lang=kk

Жауап қалдыру