Медициналық ұйымдардың бірінші басшыларына арналған оқыту семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы орындау мақсатында, 2024 жылдан бастап өлім себептерін кодтаудың дұрыстығын талдау және мониторинг жүргізу бойынша жүйелі жұмыс жүзеге асырылуда. Аталған мәселе Министрліктің кеңестерінде, аппараттық жиналыстарында, алқа отырыстарында тұрақты түрде қаралады.
Медициналық статистиканың дұрыстығы мен сапасын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда, себебі өлім себептерін дұрыс кодтау халық денсаулығының жай-күйін бағалаудың және денсаулық сақтау жүйесінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдаудың маңызды құралы болып табылады.
2025 жылы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында өлім себептеріне тұрақты мониторинг жүргізетін мамандандырылған кодтау бюросы құрылды. Сонымен қатар, Орталықтың әрбір филиалында өңірлік деңгейде әдістемелік қолдау мен бақылауды қамтамасыз ететін өлім себептерін кодтау бойынша жауапты эксперт -дәрігерлер дайындалды. Бұл өлім туралы медициналық куәліктерді рәсімдеу кезінде қателерді жедел анықтау және жою тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бірыңғай бақылаудың құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ауқымды білім беру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп, оның аясында республика бойынша медицина қызметкерлерін оқыту жүзеге асырылуда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен осы күндері аталған мәселе бойынша біліктілікті арттыру циклі өткізілуде.
Спикерлер Мәзін Мира Жексенқызы – Магистр МВА, эксперт -дәрігер, лектор Желдірова Акерке Якубқызы – ҚР ДСМ “ Салидат Кайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы” Ақтөбе облысы бойынша өңірлік департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1181607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді