Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 наурызда Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесуімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен белгіленген негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қызметтік мінез-құлықтың негізгі стандарттары түсіндірілді.

Іс-шара барысында тексерулер жүргізу кезіндегі қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу, тексерілетін субъектілерге артық талаптар қоймау, заңдылық, объективтілік және қызметтік әдеп қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар қызметтік іссапарлар кезінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық талаптары түсіндірілді. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, сыйлықтар мен өзге де артықшылықтарды алмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау қажеттігі атап өтілді.

Мереке және демалыс күндері қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау талаптарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде пайда болуға жол берілмейтіні, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша Әдеп кодексі талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді