
Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне орай Майкөмген ауылдық округінде ерекше рухани шара-тұрғындардың қатысуымен ұлттық киімдер шеруі өтті. Шеруге ауыл ақсақалдары мен әжелері, жастар мен оқушылар, мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ұлттық нақыштағы киімдерді насихаттады. Сонымен қатар шара аясында қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін арнайы фотозона ұйымдастырылды. Онда киіз үй тігіліп, ұлттық бұйымдар мен тұрмыстық заттар қойылып, келушілерге халқымыздың дәстүрлі өмір салты кеңінен таныстырылды.
Мерекелік көріністі толықтыра түскен тағы бір әсерлі сәт – ұлттық киім киген жігіттер ат үстінде шауып өтіп, қазақ халқының батырлық рухын, ерлік дәстүрін айшықтап көрсетті. Бұл көрініс көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекенің көркін қыздыра түсті.
Бұл шара ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, жастардың ұлттық дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізді. Ұлттық киім күні – тек сән үлгісі ғана емес, халқымыздың тарихы мен рухани байлығын айқындайтын маңызды мереке екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy-mikomgen/press/news/details/1184308?lang=kk

Жауап қалдыру